15.04.2026, 0:00
Оқылды: 2

Жаңақалада бала өнерінің бәйгесі – «Балдәурен» балалар байқауы өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
image-14-04-26-07-44-2
Жаңақала ауданында дәстүрге айналған бұл шара биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өнерлі өреннің басын қосқан доданың іріктеу кезеңіне барлығы 120 жас талант қатысқан болатын. Гала-концертке өткен қатысушылар 7 жанр бойынша өнер көрсетті. Құттықтау сөз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызына беріліп, сахнаның сәніне айналған жас таланттарға сәттілік тіледі. Өнер мен шабыттың тоғысқан тұсында әділ бағасын бергендердің қатарында қазылар алқасының төрайымы Ақнұрлы Еслямғалиева, мүшелері МДО-ның музыка өңдеушісі, республикалық ән байқауларының жүлдегері Махамбет Нұрахметов, Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің вокал сыныбының оқытушысы Аида Серікқалиева, МДО-ның балетмейстері, Үлгілі «Нұрбибі» би ансамблінің жетекшісі Лунара Қанатова, МДО-ның сүйемелдеушілері Данат Дәулетұлы, Ақерке Садуханқызы, Бекқали Ғалымұлы және аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Ақмарал Аманқызы бар. Сондай-ақ «Айлана» дүкенінің иесі Әсел Бауыржанқызы, «Бейбарыс» сауда орталығының иесі Айымжан Бақтығалиқызы және «ТНТ» сауда орталығының иесі Жәмилә Ержанқызы   аталмыш гала-концерттің өтуіне демеушілік білдірді.
image-14-04-26-07-44-1
Таңдайына бұлбұл ұялаған күміс көмей әншілердің, мың бұралған бишілердің, домбыраның құлағында ойнаған домбырашылардың  өнеріне жиналған қауым қанық болды. Нәтижесінде, «Халықтық музыка\домбыра» бағыты бойынша Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің шәкірті Батырхан Нұрғиса (жетекшісі Амангүл Сисенова), «Хореография» номинациясы бойынша Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі (жетекшісі Әлия Ерланқызы), «Көркем сөз» бағамы бойынша Ермекқали Айнұр (жетекшісі Ақерке Ғабдуллина), «Эстрадалық вокал» бағыты бойынша көпжасарлық “Сенім” вокал тобы (жетекшісі Алтынай Ихсанова), «Халықтық музыка\баян» номинациясымен Мадияр Таңатаров (жетекшісі Айнагүл Құспанова) «Жыр айту» бағамы бойынша Айымгүл Аманжол (жетекшісі Дәулет Жұбанов) үздік деп танылып, 1-орынға ие болды.
image-14-04-26-07-44
Жеңімпаз жас таланттар алда өтетін аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Өнерімен тәнті еткен барша жас өнерпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Бала арманына қанат бітіріп, жас жеткіншектің жарқырауына жол ашқан мәдени шара «Балдәурен» гимнімен қорытындыланды.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале