Бүгін Жаңақала колледжінде Рамазан айына орай «Балалар – елдің болашағы» аумақтық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен баскетболдан аудандық турнир өтті.
Жарыста бақ сынайтын 6 команда алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының құрметіне сапқа тұрғызылды. Аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов, «Балалар – елдің болашағы» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Алтынбек Болатов пен аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов қатысып, спортшыларғы сәттілік тіледі.
Тартысты дода нәтижесінде мешіт жамағаты І орынның төрінен орын алса, ІІ орынға №16 өрт сөндіру бекеті, ал ІІІ орынға Жаңақазан ауылының құрамасы жайғасты.
“Үздік ойыншы” аталымына Мейірлан Қосанов, “Үздік шабуылшы” аталымына Асқар Имашев,
“Үздік қорғаушы” аталымына Темірлан Шәутенов ие болды. Жүлдегерлерге арнайы диплом, медальдар мен қаржылай сертификаттар табыс етілді.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы