11.05.2024, 15:00
Оқылды: 10

Жаңақалада қайырымдылық шарасы өтті

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» - дейді дана халқымыз. Жылағанды жұбатып, сүрінгенге сүйеу, сырқат жанның көңіліне медеу болу, сауабы мол іске атсалысу - қанымызда бар қасиет. Бір шаңырақтың отағасы, сүйікті жар, екі періштенің әкесі Рустам Мазитов кенеттен қатерлі дертке шалдығып, жуырда Үндістан еліне ем алуға аттанған болатын. Осы орайда Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының қолдауымен Пятимар ауылдық мәдениет үйі «Жақсылық жасауға асығайық!» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

image-11-05-24-12-36

Аудан, ауыл өнерпаздары Рустам Флюрұлының еміне қолдау танытумен шектелмей, ауыл тұрғындарына әсерлі кеш сыйлады. Залға жиылған жұрт жерлес азаматтарының тез сауығып, еліне аман оралуына тілектестіктерін танытып, арнайы қойылған жәшікке мүмкіндіктерінше қаржылай көмектерін ұсынды.

image-11-05-24-12-36-1

 Материалдық жағынан ғана емес, рухани көмекке зәру жанның кеудесіне үміт сыйлап, қиын кезеңінде қолтығынан демей білген шығармашылық ұжымға адамнан алғыс, Алладан сауап алыңыздар демекпіз.

image-11-05-24-12-36-5

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале