15.07.2021, 17:54
Оқылды: 79

Жаңақалада қарасора алабы жойылды

 Есірткімен байланысты қылмыстардың алдын алу және әшкерелеу мақсатында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 қазаны аралығында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған болатын.

26D55B94-637A-4C4E-885C-EFE9AF64B99A

Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округіне қарасты Түйеқұдық елді мекенінің аумағында, елсіз далада жабайы өскен қарасора өсімдігі анықталып, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе, сол өсімдіктерді өртеу арқылы жою жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің сақталуын қадағалады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале