22.03.2021, 19:29
Оқылды: 177

Жаңақалада кәсіпкерлер қайырымдылық жасады

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасап, көмек көрсету. Жаңақала ауданында мерекеге орай «Қайырымды іс – игі іс» атты қайырым мен мейірім көрсету мақсатында іс-шара өтті.

65B3D9C2-DD35-4B7B-A66F-DB42A8B44716

«Тілек», «Асланбек», «Атамекен», «Сабина», «Болашақ» азық-түлік дүкендерінің иелері «Қайырымды іс – игі іс» аясында аудандағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген, мүгедек жандарға және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетті. Қолы ашық, жаны жомарт жеке кәсіпкерлер ұн, май, күріш, шәй, түрлі тәттілер, макарон өнімдері, күнделікті тұтынуға арналған гигиеналық заттармен көмек көрсетіп, мұқтаж отбасыларға қолұшын созды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале