21.04.2022, 18:08
Оқылды: 49

Жаңақалада кезекті ХХ сессия өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиевтің жүргізуімен өткен жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, тиісті аудандық мәслихаттың он бір депуттатының тоғызы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы қатысты.

0C6689DC-A941-4682-8B30-589161840BA8

Сессияның күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсанындағы №15-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.

985A689A-4FA7-435D-93BE-CE4B2B902756

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Д.Жарасов 2021 жыл бойы атқарылған істерге есеп берсе, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Оразалиев аудан бойынша 2021 жылдың басынан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Төртінші мәселе аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №31-1 «Жаңақала аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы жұмысшы тобының жетекшісі О.Кубесова баяндады.
Соңғы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қаресов «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы хабарлама жасап, тізімдегі ұсынылған азаматтарды атап айтты. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірауыздан мақұлданды.

Арайлым Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале