15.04.2021, 16:42
Оқылды: 307

Жаңақалада киік мәселесі талқыланды

 Жаңақала ауданындағы Рухани орталықтың мәжіліс залында киік мәселесіне байланысты жиналыс өтті. Жиынды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жүргізді. Шараға «ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» басшысы Қайрат Қадешов, Қазақстан фермерлер қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Серік Жарылғапов, Жаңақала ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов және жергілікті шаруа қожалықтарының иелері қатысты.

7D4DF12C-C824-48AC-87FB-908D0EB07237

Аудан тұрғыны Жеңісбек Ахметов киіктің кесірінен жерінің шөбі оталып, тазалығы күйреп жатқанын сөз қылып, сұрақ қойды. Бірлік ауылының тұрғыны Марат Құрмашев киіктің төрт-түлік малдың жайылымына жайсыздық тудырып отқанын тілге тиек етті. Шаруа қожалықтарының атынан сөз алған Талғат Байкенов: - Жағдай қиын. Шөп жоқ. Бәрі киіктің кесірі. Малдарымыздың алды өліп, арты көтерем болып жатыр. Жағдайды бақылайсыздар ма? Шаруа қожалықтарының ең басты үш мәселесінің бірі киік болып тұр,-деді. Қордаланған сұрақтарға Қайрат Қадешов жауап беріп, жұмыстанып жатқандықтарын және алдағы уақытта бәрі ретімен дұрысталатынын жеткізді.

E3AE6169-3F54-461B-89C0-4E8DB01622E0

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале