13.05.2026, 16:45
Оқылды: 8

Жаңақалада құрылыс және агро бөлшектер дүкені ашылды

Бүгін Жаңақала ауданы орталығының кіре берісінде құрылыс материалдары мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер сататын «Батыр Агро» дүкені ашылды.
image-13-05-26-05-44-2
Салтанатты жиынға аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, кәсіпорын басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Құттықтау сөз Алпамыс Көшкінбаевқа ұсынылып, ол жаңа бастамаға сәттілік тілеп, кәсіп иесі Батырғай Кенжеғалиевке алғысхат тарту етті.
image-13-05-26-05-44-1
Содан соң, кәсіп иесімен лента қиып, дүкенге аяқ басты. Сол сәтте шаңырақтың үлкендері шашу шашып, ақ батасын берді.
Меншік иесі 2025 жылы жаңа құрылыс нысанын сатып алып, ауқымды қайта құру жұмыстарын жүргізді. Дүкеннің жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрайды.
Батырғай Мұратұлы 2016 жылдан бері «Кенжеғалиев» жеке кәсіпкерлігін құрып, өз аулаларынан шағын дүкен ашып, алғашқы табысты қызметін бастаған болатын. Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл нысан толық іске қосылғаннан кейін 5 тұрғын жұмыспен қамтылатын болады.
image-13-05-26-05-44
Шарада"Бірлік" ЖШС мал зауотының директоры Қанат Мұхтарұлын құттықтау сөз сөйледі.
Айта кетейік, биылғыжылдың 1 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1508 бірлікті құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3,1 пайызға артқан. Өткен жылы кәсіпкерлік саласында 21 жоба жүзеге асырылып, өз жұмыстарын бастаған болса, биыл да жоспарланған жобалардың сәтті іске асуына ел сенімі мол.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале