3.02.2021, 11:44
Оқылды: 269

Жаңақалада мал саны артқан

Қазіргі таңда Жаңақала аудан бойынша мал басы тұрақты өсіп келеді. 2020 жылы ірі қара малының басы 116,5%-ға (71764 бас), қой мен ешкі мал басы 104,7%-ға (160222 бас), жылқы малының басы  115,7%-ға (28026 бас) өсіп отыр.

8859EFE0-E46E-4BD2-B152-4049BEC5839A

Мал шаруашылығын дамытудағы алға қойған басты мақсаттардың бірі - мал тұқымын асылдандыру.

Қазіргі таңда 45 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда (31 ШҚ – ірі қара, 9 ШҚ  - қой, 5 ШҚ – жылқы). Сонымен қатар 2020 жылы мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде шаруа қожалықтарына 1,01 млрд.теңге субсидия төленіп, түрлі несиелік ұйымдар арқылы 1,2 млрд.теңге жеңілдетілген несие алынып, барлығы 87 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен панельды күн батареялары жаңартылған. Осындай көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде аудан бойынша шаруа қожалықтарымен 2300 бас МІҚ және 2600 бас қой сатып алды.

2020 жылы ауыл шаруашылығындағы инвестиция көлемі 925,6 млн. теңгені құрап отыр.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале