9.05.2026, 10:04
Оқылды: 2

Жаңақалада «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жаңақала ауданында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев , аудандық ардагерлер кеңесі, құқық қорғау органдары мен мекеме ұжымдары қатысты.

image-09-05-26-09-39-4
Жиналған көпшілік соғыс жылдарында майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.

image-09-05-26-09-39-3
Мекемелердің белсенді қатысуы бұл мерекенің халық жадында мәңгі сақталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұлы Отан соғысында құрбан болған батырлар мәңгілік жүрегімізде!

Айгерім Төлепова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале