Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев көш бастап, барша бөлім басшылары, сала ардагерлері мен мекеме ұжымдары рет-ретімен «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.
1941-1945 жылдары зұлмат соғыстың зардабынан қаза тапқан жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, ерлікті ұлықтаған ұрпақты табандылық пен ерліктің, абырой мен даңқтың мерекесін жалғастырып, дала қызығын тамашалауға шақырды.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы