13.09.2024, 12:45
Оқылды: 122

Жаңақалада өлкетанушымен кездесу өтті

Жаңақалада өңірге белгілі тарихшы, өлкетанушы, қоғамтанушы Зұлқожа Шарафутдиновтың қатысуымен «Туған жерім – тұғырым» атты кездесу кеші өтті.

30539161-107C-40D3-BA3C-67E94CEA3E31

Аталмыш кеш Қызылоба және Пятимар ауылдарында да өткен болатын. Аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымының дайындаған «Ел тарихын зерделеген қаламгер» кітап көрмесіне кітапхана библиографы Гүлайым Мұқанғалиева шолу жасады.

Зұлқожа Ғайнеденұлы биылғы жылы Махамбеттің 220 жылдығы мен Тастөбе шайқасының 187 жыл толуы қарсаңында кеңестік тарихнамада жазылмаған тың деректер, тарихи оқиғалар жайлы бағыт-бағдар беру мақсатында өлкемізге сапармен келген болатын.

8065E7C4-84DA-44D4-8B1F-E35BE04439EC

Ол 1961 жылы 30 қыркүйекте Теңіз ауданы, Асан ауылында дүниеге келген. Көптеген тарихи зерттеулері бар. Бүгінгі таңда «Жайық Пресс» медиахолдингінің ақпарат агенттігі бөлімінде шолушы (тарихшы-шолушы) маман.

Биылғы жылы «Байлар қалай тәркіленді?» атты кітабы жарық көрген болатын. Кеш шымылдығын аудан кітапханашысы Райгүл Дәуімқызы ашып, ел мен жерді зерттеуден аянбаған тарихшыны ортаға шақырды. Сондай-ақ, құттықтау сөз ауыл әкімі Ақан Болатұлына ұсынылып, өлкетанушыға өз алғысын білдірді. Әрі қарай Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Темірлан Сыралиев Махамбеттің күйі «Жұмыр қылышты» орындап, аудандық Махамбет оқуларынан жүлделі І орын алған оқырман, Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының «Жас журналистер» клубының мүшесі Ақбаян Ғилымхан және ІІІ орын иеленген аталмыш білім ордасының шәкірті Әлішер Қалдыбаев нақышына келтіріп көркем сөз оқыды.

3AD32422-254A-4CE7-B418-E18343F1E997

Сонымен қатар төрден табылған қадірлі қонағымызға түйіткілді сауалдар қойылып, еркін микрафон ұсынылды. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында ұстаздық еткен тарихшылардың да сұрақтарына жауап берілді.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале