24.01.2024, 22:00
Оқылды: 27

Жаңақалада өткен қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін Жаңақала аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Руслан Қонысбайұлы және аудандық кеңес төрағасы Қуат Имашев қатысты. 

IMG-20240124-WA0063

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жаңақала ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлерін бекіту туралы баяндамамен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Света Бекқалиева таныстырып өтті. Аудандық мәслихаттың шешімімен шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса есептегенде жарнаны төлеу құны 0 (нөл) пайыз болып бектілді. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он бес күннен кейін қолданысқа енгізілетін болады.

Екінші мәселе бойынша «2024 жылы Жаңақала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру, әлеуметтік қолдау беру туралы» шешім жобасындағы түсіндірме жазбаны аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндап берді.

IMG-20240124-WA0072

Көрсетілген баяндамаға сай ұсыныс мөлшері: 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы; 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит – аудан орталығына екі мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, ауылдық округі, елді мекендерде екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада берілсін деген шешім қабылданды. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін болады. Қаралған келесі мәселеге келер болсақ, ​ аудандық қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуат Жарасұлы хабардар етті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта оздырылатын қоғамдық жиынның барлығына тегістей қатысу керектігін ескертті.

Ақерке Мәлікқызы, 

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале