9.04.2021, 12:26
Оқылды: 53

Жаңақалада өткен сессияда көптеген мәселелер қаралды

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессия отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат депутаты Жанболат Гумаров ашып, күн тәртібін хабарлады.

 сес

Алқалы жиында Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №57-1 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, 2021 жылы Жаңақала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндама жасады. Мұнан соң барлық мәселелер қаралып, дауысқа салынып, бір ауыздан мақұлданды.

 

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале