5.03.2021, 9:33
Оқылды: 96

Жаңақалада өткен тартысқа толы шағын футбол

Жаңақала аудандық спорт кешенінде аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай шағын футболдан ерлер командалары арасында ауыспалы кубогі өтті.

ф1

Жарыста санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Аудандық жарысқа 14 команда қатысып, бақтарын сынады. Жарыс соңында «Үздік қақпашы» Біржан Қисымов (3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі) атанса, «Үздік қорғаушы» аталымын Бекзат Ұзақбаев (Қызылоба ауылдық округі) иеленді. Ал Манарбек Сатқанов (Жаңақазан ауылдық округі) «Үздік шабуылшы» аталымына лайық деп танылды. Таңертеңнен кешке дейін үздіктерді анықтаған шағын футбол тартысты өтті.

ф2

Нәтижесінде І орынды №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің командасы жеңіп алса, ІІ орынға Жаңақазан ауылдық округінің командасы ие болды, ал Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің командасы ІІІ орынға тұрақтады. Жеңімпаз атанған команда ауыспалы кубок пен жүлдеге ие болған командалар аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

 

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале