6.12.2022, 20:48
Оқылды: 62

Жаңақалада патриоттық ән байқауы өтті

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Бірлік ауылында ауданның қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай «Ән салады мамандар» атты патриоттық ән байқауы өтті.

0725B155-10B6-45BB-B928-5B8A607E72E8

Бұл сайыс 2021 жылы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында ауылдық деңгейде бастау алған болатын. Биылғы жылы аудан деңгейінде өтіп жатқан бұл байқауда ауданымыздың ауылдық округтерінен өнерді жандарына серік еткенімен түрлі салада қызмет етіп жүрген жандар бақтарын сынады. Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Жақашев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

9D8CA884-2CFB-416E-80C4-6E577F545DC0

С.Меңдешев ауылдық округінен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Эрнест Мұсаев, Жаңақала ауылдық округінен информатика пәнінің зертханашысы Динара Қуанышқалиева, Мұқыр ауылдық округінен дәрігер бөлімінің операторы Аман Қуанов пен технология пәні мұғалімі Ақмарал Сәркенова, Қызылоба ауылдық округінен бастауыш сынып мұғалімі Гүлшат Кәкенова, Көпжасар ауылдық округінен бастауыш сынып мұғалімі Базаргүл Батырашова мен кітапханашы Назерке Нуханова, Бірлік ауылдық округінен кітапханашылар Қанапия Едіресова мен Гүлбақыт Дүйсен, Ақбалшық елді мекенінен бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Иманғазиева, Пятимар ауылдық округінен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Пятимар ауылдық округі бойынша кеңесші маманы Махамбет Нұрахметов, Жаңажол ауылдық округінен математика және бастауыш сынып мұғалімдері Жалғас Ибатуллин мен Іңкәр Тәкенова өнерлерін паш етті.

D4FD7D03-B851-4610-9EA1-2E00F53A9D44

Ән сайысына қатысушы үміткерлер патриоттық әндерді шырқап, көрермен ықыласына бөленді.

Байқау қорытындысында Эрнест Ержанұлы І орынға қол жеткізді. Динара Қуанышқалиева және Махамбет Нұрахметұлы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Гүлшат Кәкенова, Базаргүл Батырашова мен Назерке Нуханова және Қанапия Едіресова мен Гүлбақыт Дүйсен ІІІ орынға ие болды.

8CEF7B67-2DA7-4BD2-B972-90988D10E25D

EB3AFFBD-F60A-428C-A87A-060AE1912C2A
Барша қатысушылар алғысхаттар, дипломдар және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Райхан Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале