27.08.2021, 14:58
Оқылды: 68

Жаңақалада тамыз кеңесінде ұстаздарға құрмет көрсетілді

Бүгін Жаңақала мектеп-гимназияның мәжіліс залында тамыз конференциясы өтті. «Білім және ғылым – елдің тұрақты даму кешені» тақырыбындағы аудандық педагогикалық кеңес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, шектеулі адам санының қатысуымен оздырылды.

10

Сондай-ақ кеңес отырысына қашықтықтан Facebook парақшасынан тікелей эфир арқылы 600 шамасында педагог тамашалады. Тамыз кеңесіне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасы Рухолла Саматов, аудандық мәслихат хатшысы Дархан Закарин, ардагер ұстаз Рая Апақаев, жас мамандар, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қатысты.

Алғаш боп сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы:

- Тамыз кеңесі – жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің мәселелерін ортаға салатын алқалы жиынның бірі. Білім беру бағытындағы оқу процесі екі жыл қатарынан онлайн түрде жүзеге асты. Оқушылардың білім алу кезінде туындаған қиыншылықтарды одан әрі орын толтыру бағытында жұмыстану өзекті мәселеге айналды. Биылғы жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта оқытылады. Сонымен қатар биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – әліппенің қайтарылуы. Яғни 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер осы әліппе оқулығымен бастамақ, - деді ол.

Одан соң ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.

11

№3 жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Әлмұқанов сөз сөйлеп, қашықтықтан оқытудың сапасын арттыру жолдары мен мүмкіндіктері жөнінде кеңінен тоқталып өтті. Карманов «мектеп-бөбекжай-бөбекжай» кешенінің директоры Асхат Төлеуғалиев жаңа оқу жылына арналған бағдарламасына тоқталып, жұмыс жоспарын баяндады. Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің орынбасары Жастілек Қайрекешов балаларға қосымша білім беру мүмкіндіктерін айтты.

Содан соң 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша аталымдарға ие болған мектептер марапатталды. Атап айтсақ, Жаңақала мектеп-гимназия ұжымы «Оқушы білімі және дарынын жетілдірудегі үздік мектеп» бағамына ие болды. Ал №3 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы «Үздік спорттық мектеп» бағамына, Карманов «мектеп-бөбекжай-бөбекжай» кешені «Үздік кәсіби бағдар беруші шағын жинақталған мектеп» бағамын иеленді.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасына Асқар Биляшев (Пятимар ЖОББМ), Нұржан Бекқалиев (Жаңақала М-Г), Айнұр Қошпанова (Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешені), Айнаш Қуанова (№3ЖОББМ), Сәуле Алдонғарова (С.Меңдешев ЖОББМ), Жансая Ильясова (Жаңақала ЖОББМ), Нұргүл Меңдіғалиева (Ә.Жангелдин ЖОББМ),Айша Қабушева (Айдархан ЖОББМ), Жеміс Әбдірова (М.Мирманов ЖОББМ), Гүлайым Құспанова (Қ.Жантілеуов атындағы музыка мектебі), Аягөз Өтегенова (М.Жүнісов ЖОББМ), Асланбек Джулаев (Жаңақала ЖОББМ), Лия Оспан (Е.Орақбаев ЖОББМ), Мейрамгүл Мұратова (Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешені), Көркем Әбілова (Пятимар ЖОББМ) ие болды.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасының Құрмет тақтасына құрметті педагог қызметкерлер Аида Ғұбашева (М.Жүнісов ЖОББМ) пен Мерей Есімов (Жаңақала ЖОББМ) орнатылды. Облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары Балауса Борашева (Ақбалшық бастауыш мектебі), Армат Тасқайыровқа (Е.Орақбаев ЖОББМ) табысталды. Алғыс хат пен Құрмет грамотасын алған мұғалімдердің саны бұнымен бітпеді. Бұдан бөлек көптеген мұғалімге аудан әкімінің алғыс хаты, аудандық білім беру бөлімінің және аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары табыс етілді.

Тамыс мәслихатының соңы естелік суретке түсіп, бір-бірін құттықтауға ұласты.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале