8.05.2021, 19:33
Оқылды: 84

Жаңақалада "Толағайлар тартысы" тартысты өтті

Жаңақала аудандық "Jastar" спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған аудандық "Толағайлар тартысы" атты күштілер сайысы өтті.

IMG-20210508-WA0027

Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортпен шұғылданушылардың шеберліктерін арттыру, спорт арқылы достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарыс бес кезеңнен тұрды. Үлкен көлемді дөңгелекті белгіленген қашықтықта аудару, құм толы мөшекті көтеру, кір тасын қашықтыққа апару, жеңіл көлікті арқанмен тарту және УАЗ автокөлігін сүйреу.

IMG-20210508-WA0026

"Жүріктен жүйрік озар жарысқанда" дегендей жарыс қорытындысы бойынша Еламан Рахимов (қазақ мектебі) жеңімпаз атанса, Равил Қалмияров (Жаңажол ауылы) ІІ орынға ие болды. Көпжасарлық Аңсарбек Мусанов үздік үштікті түйіндеді.

Жарыстың қатысушылары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдармен мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жанайдар Болатбекұлы
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале