25.07.2021, 12:00
Оқылды: 172

Жаңақалада төрт ауылдың әкімі сайланады

Бүгінгі күннің ауыл тұрғындары үшін маңызы зор. Себебі таңғы 07:00-ден аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы басталды. Таң шапағы қылаң бере бастағанда Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылына жолға шықтық. Сайлау өтетін мәдениет үйіне жеткеннен кейін БАҚ өкілі ретінде тіркелдік. Келген мақсатымыз - ауылдық округ әкімдерінің сайлауынан фоторепортаж жасау, ақпарат жазу.

janaqala

Біз келген №121 Жаңақазан сайлау учаскесі 07:00-де жұмысына кірісті. Санитарлық талаптар сақталған. Жалпы Жаңақазан ауылында тізім бойынша 1 102 сайлаушы бар. Екі бақылаушы, 3 сенімді өкіл тіркеліп, сайлаудың процесін қадағалап отыр.

- Бұл сайлаудан көп өзгеріс күтемін. Сайлаудың форматы өзгергені ұнады. Ауыл тұрғындары әкімдерін өздері сайлайды. Үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Барлық шаруамды ысырып қойып, ертемен дауыс беруге келдім. Өз таңдауымды жасадым. Алдағы күннен үлкен үміт күтемін. Әр адам саяси науқанға белсенді қатысқаны жөн, - дейді ауыл тұрғыны Қанатқали Мұхамбетқалиев.

Жанайдар Болатбекұлы

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале