4.09.2020, 11:22
Оқылды: 129

Жаңақалада тұрғындар арасында қол күресінен жарыс өтті

Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы аясында қол күресінен ерлер арасында жарыс өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау, қол күресін аудан тұрғындары арасында дамыту, сайыскерлердің спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында оздырылған байқауда 9 команда бақ сынады.

Saiys

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысты.

Тартысты сайыс нәтижесінде 70 келі салмақ дәрежесімен І орынды Рахман Бегалиев (Жаңақазан ауылдық округі),ІІ орынды Мәліс Нұрманғалиев (Бірлік ауылдық округі), ІІІ орынды Жандос Қуанышқалиев (Мәстексай ауылдық округі) иемденді. 90 келі салмақ дәрежесі бойынша І орынды Дастан Жарасов (Жаңақала ауылдық округі), ІІ орынды Жалғас Неғметов (Көпжасар ауылдық округі), ІІІ орынды Манас Есенғазиев (Бірлік ауылдық округі) олжалады. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде І орынды Ақниет Нәсіпқалиев (Жаңажол ауылдық округі), ІІ орынды Ербол Жанұзақов (Бірлік ауылдық округі), ІІІ орынды Алпамыс Қаменов (С.Меңдешев ауылдық округі) еншіледі.

Жүлде алған спортшыларға аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдары мен медальдары, арнайы сыйлықтары табысталды.

                                                                                                             Ә.Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале