5.02.2025, 16:30
Оқылды: 314

Жаңақалада түсіндірме жұмыстары өтті

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жаңақала колледжінде түсіндірме жұмыстары өтті.

a53ccad6-c07a-48dd-8408-7bbb5b42dfaa

Шараға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Есенболат Еслямов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Зухра Себекова, жас сайлаушылар клубының төрайымы Айзада Әбілқасымова қатысты.

45646199-2505-40a8-8df0-ee62c3ad8b18

Жанболат Бақтығалиұлы сайлауда дауыс беру шарттары, дауыс берушілердің жас ерекшеліктері, билік пен халық арасындағы байланыс және сайлау құқығын қамтамасыз ету туралы баяндама жасап, келешек дауыс берушілерге тиісті ақпараттарымен бөлісті. Жиын жастар ресурстық орталығының мамандары ұйымдастырған «QUIZ» логикалық ойынымен жалғасын тапты. Студенттер 3 топқа бөліну арқылы ойынның шарттарымен танысып, белсене ат салысты.  Тартысты жарыстың соңында мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале