22.12.2020, 10:16
Оқылды: 117

Жаңақалада үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Әлихан Досмұхамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев жақында Жуалыой, Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай ауылдарында болып, «Есіктен есікке»акциясын ұйымдастырды. Акция барысында үміткерлер тұрғындарымен жүздесіп, насихат жұмыстарын жүргізді.

IMG_4535

- Сапар барысында ауыл тұрғындарының талап-тілектерін, мұң-мұқтаждарын мұқият тыңдадық. Ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді атқарушы биліктің алдында көтеріп, оң шешімін табуы үшін барымызды сала жұмыстанатынымызды тілге тиек еттік, - дейді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әлихан Декартұлы.

Өз кезегінде олар депутаттыққа ұсынылғандағы мақсат-мүдделерін айтып, халықтың мұң-мұқтаждықтарын ескерусіз қалдырмай, билікке жеткізуді көздейтіндіктерін түсіндірді. Басты партияның болашағы зор екенін алға тартып, ауыл тұрғындарын сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

 

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале