20.11.2020, 15:59
Оқылды: 119

Жаңақалада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен және ұлттық ат спорты түрлері жаттықтырушыларының ұйытқы болуымен ұлттық спорт түрлерінен шағын жарыс өтті.

Ұлттық спорт түрлерінен жарс өтті (4)

БЖСМ-нің ашық чемпионаты жоғары деңгейде өтті деуге негіз бар. Жарыс карантиндік режимді сақтап, жабық форматта көрерменсіз болды. Аударыспақ және көкпардан сынға түскен ұландар жарыс көрігін қыздырды. Аударыспақтан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қанағат Серіков қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақса, финалда ғана сүрінген Диас Усағалиев күміспен күптелді. Ал Саят Қазиев қолаға қол жеткізді. Аталмыш спорт түрінен 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сұлтанбек Болатов жеңімпаз атанса, Әмірлан Қанат ІІ орынды қанжығасына байлады. Мұхамед Маратов ІІІ орынға табан тіреді.

Ұлттық спорт түрлерінен жарс өтті (3)

Көкпар жарысының да деңгейді жоғары, бәсі биік болды. Жарыс қорытындысында «Ұлттық ат спорты» командасы І орынға ие болса, «Тұлпар» командасы да осал емес екендіктерін дәлелдеп, күміске қол жеткізді. Үздік үштікті «2004» командасы түйіндеді. Жүлделі орын алған командалар аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дипломымен марапатталып,  мойындарына медаль тағынды. Сондай-ақ арнайы сыйлықтарға ие болып, естелік суретке түсті.

 

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале