2.06.2026, 16:15
Оқылды: 17

Жаңақалада заманауи мейрамхана пайдалануға берілді

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында “Ақбота” мейрамханасы тұрғындар мен қонақтарға есігін айқара ашты. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, келушілерге жайлы жағдай жасауға бағытталған. Мұнда отбасылық мерекелер, түрлі салтанатты жиындар мен қоғамдық шараларды өткізуге мүмкіндік қарастырылған.

image-02-06-26-02-44-2

Сонымен қатар, мейрамхананың ашылуы аудан экономикасының дамуына үлес қосып, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашты. Құрылысы 2024 жылы басталған мейрамхананың иесі - көпжасарлық кәсіпкер Меңдібек Тілеккабулов.

image-02-06-26-02-44-6

Ашылу салтанатына аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Бұған дейін “Жаныс” шаруа қожалығымен айналысып, енді өз қаражатына тойхана ісін қатар жүргізуді қолға алған кәсіп иесіне аудан басшысы игі тілегін  жеткізіп, алғысхат табыс етті. Кейін сөз кезегі әкесі Ағынғали Тілеккабулов пен сыныптасы Нұрманғали Фазыловқа ұсынылды. Лента қию рәсімінен соң жиылған жұрт жаңа ғимаратқа бас сұғып, көркемөнерпаздардың өнерін тамашалады. Сондай-ақ жаңа нысанның тұсаукесерінде ақ дастарқан жайылып, құран оқылып, көпшілікке ас ұсынылды.

image-02-06-26-02-44-4

Жалпы алаңы 1058 шаршы метрді құрайтын мейрамханаға 400-дей адам емін-еркін сыяды. Сонымен қатар 60 орындық VIP зал да қарастырылған.

 

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

image-02-06-26-02-44-3 image-02-06-26-02-44-5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале