19.06.2020, 16:39
Оқылды: 393

Жаңақалада жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының дәстүрлер бөлмесінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғалидың «Жұмақ мекен - Жаңақала» атты жаңадан жарық көрген кітабының тұсаукесері қашықтықтан ұйымдастырылды.

97BF4D3D-489E-4FE8-AB77-61EC79A5C1FD

Салтанатты шараға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, кәсіпкер Саламат Сертеков және «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Алтынбек Ермекқалиев қатысты.

Шара барысында сөз алған қаламгер З.Жүсіпқалиұлы жаңадан шыққан туындысына тоқталып, кітаптың шығу тарихын әңгімеледі.

8534F18D-3EE2-433F-8FC1-498D663B3CEE

Автор жаңа кітабында туған жер, өскен өлкесі және түрлі салада қызмет атқарған еңбек адамдары туралы кеңінен суреттеген.

Шарада аудан  әкімі Наурызбай Қадырбайұлы З.Сисенғалиды құттықтап, аудан үшін атқарған еңбегі зор екенін айтып, алғысхат табыс етті. Кітаптың тұсауын салтанатты түрде аудан әкімі Н.Қадырбайұлы мен белгілі кәсіпкер С.Серікұлы кесті. Сонымен қатар кітаптың шығуына қаржылай демеушілік білдірген Саламат Сертековке аталмыш кітаптың авторы ризашылығын білдіріп, шағын естелік сыйлық табыс етті. Шара З.Жүсіпқалиұлының сөзіне жазылған «Жаңақала – гүл қала» әнімен мәресіне жетті.

Ақсәуле Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале