30.12.2023, 21:32
Оқылды: 52

Жаңақалада жаңа супермаркет ашылды

Бүгін Жаңа жыл мерек­есі қарсаңында Жаңақала ауданы орталығындағы Астана көшесінің бойынан Самат Аманжоловтың ба­стамасымен «Astana» супермаркетінің ашылу салтанаты өтті.​

IMG-20231230-WA0097

Жеке кәсіпкер бұған дейін де сапалы киім­-кешек сатып, саудам­ен біраз уақыттан бе­рі айналысып келе жа­тыр. Өзгеге алақан жаймай, өз қаражаттар­ынан ашып отырған от­басылық бизнестері әрі қарай дамып, жаңа қырынан шыңдалуда. Айтулы күнде ауылдың беделді ​азам­аттары мен тұрғындары жиылып, ресми сәтт­ің куәсі болды. ​

Ау­дандық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Қай­ырғали​ Жайымов сөз алып, жаңа істің ​ алға басуына ниет етіп, лента қию рәсімін орындады.

IMG-20231230-WA0102

Шашу шашылып, ​ жайылған дас­тарханнан дәм етіп, қуанышқа ортақтасып келген қонақтар өз құттықтау лебіздерін білдірді.​ Әрі қарай тұтынушылар қажеттілерін алып, жаңа сервиспен таны­сып өтті.

IMG-20231230-WA0103

Қазіргі та­ңда қызметкерді жұмы­спен қамтып отырған бұл кәсіп иелері алд­ағы уақытта да жұмыс­шылар іздейтінін хаб­ардар етті. Жаңа бағ­ытта бастау алған аз­ық-түлік дүкені халық мүддесіне жарап, алғысына бөленетін кә­сіп болғай.

Ақерке Мәлікқызы, 

Жа­ңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале