10.07.2020, 11:07
Оқылды: 229

Жаңақалада жаңа жинақ жарық көрді

Жуырда Жаңақала аудандық білім беру бөлімі мен аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының жылдық жоспарына сәйкес "Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні" тақырыбындағы аудандық педагогтер арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференция қашықтықтан ұйымдастырылды.

A72B8199-C145-4D79-A355-EDAC7EF0C43C

Өткен оқу жылында алғаш рет мектеп оқушылары арасында өткен тәжірибелік конференция биыл да өз жалғасын тауып, "Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні" атты үш томдық жинақтың құрастырушысы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі З.Сисенғалидың қатысуымен педагогтердің баяндамалар жинағы таныстырылды. Құрастырушы ретінде сөз алған ақын З.Жүсіпқалиұлы:

- Кітапты шығару бар да, насихаттау бар. Мектептен тыс жұмыс орталығы өткен жылы оқушылар арасында осы кітапты таныстырып, тұсау кесу рәсімін өткізген болатын. Сол істің жалғасы ретінде "Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні" тақырыбында аудандық педагогтер арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияның баяндамалар жинағы деген жинақ шығарған. Бұл өте үлкен әрі құнды еңбек деп айтар едім. Аталмыш мекеменің басшысы Ғазиза Бекжанқызына, осы істі ұйымдастырып жүрген Салтанат Жаңғалиқызына үлкен алғысымды білдіремін, - деді жинақ туралы ойын ортаға салып.

Алдағы уақытта ұстаздар мен оқушылардың қажетіне жарайтын жинақтың ғұмыры ұзақ болуын біз де тіледік.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале