14.12.2022, 22:02
Оқылды: 104

Жаңақалада жомарт жандар мен үздіктер марапатталды

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты С.Меңдешев ауылдық округінде «Жомарт жүрек – 2022» және «Жыл үздігі – 2022» жастар сыйлығын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.

34BA6989-ECC7-4F18-A04B-971DDD04114C

Салтанатты іс-шараға С.Меңдешев ауылдық округі әкімі Абзал Ахметов, ауыл қариялары мен жастар қатысты.

Алдымен «Жомарт жүрек – 2022» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі өтті. «Туған өлке» номинациясымен Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 1999 жылғы түлектері, «Жомарт жүрек» номинациясымен Бауыржан Тілепберген, Бауыржан Жүсіпов, Санжар Мусин және Райхан Сисекешова марапатталды.

C92B2BFC-E73E-49D1-8550-5F04C530AD9D

Одан әрі «Жыл үздігі – 2022» бойынша марапаттау рәсіміне кезек берілді. «Үздік ұстаз» – Роза Оспановаға, Асхат Төлеуғалиевке, Нұргүл Сисенғазиеваға табысталды.

1DC47C38-74EF-42C7-AC70-14533530C2C8

Марат Жүсіпқалиев – «Үздік мелекеттік қызметкер», Алпамыс Қаменов – «Үздік кәсіпкер», Азамат Бақытжанов – «Үздік дәрігер, Нұржан Бердекенов – «Үздік мал дәрігері», Жұмалы Хамзин – «Үздік байланыс қызметкері», Абзал Дағаров, Нұргүл Қуандықова, Алма Баймұқашева – «Үздік қызметкер», Нұржігіт Аманкелдіұлы – «Үздік оқушы» аталымы бойынша алғысхатқа ие болды.

70DBFB3E-467F-4AE4-8053-5F5954BDFA93

Сондай-ақ Жансая Төлеуғалиеваға С.Меңдешев ауылдық округі әкімі Абзал Ахметовтің алғысхаты табысталды.

Аталған жыл үздіктеріне алғысхатпен қоса кәдесый тарту етілді. Шара соңында әсем ән шырқалып, кеш көңілді нотада аяқталды.

Райхан Амантайқызы

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале