27.12.2023, 23:00
Оқылды: 25

Жаңақалада жыл үздіктері марапатталды

Бүгін “Темір Бүркіт” жастар қоғамдық бірлестігі және Жаңақала аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жомарт жүрек – 2023», «Жыл үздігі – 2023» аудандық жастар сыйлығы байқауының марапаттау рәсімі өтті. 

IMG-20231227-WA0134

Салтанатты жиында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев құттықтау сөз сөйлеп, ел арасында еткен еңбегімен, төккен терімен құрметке бөленіп жүрген «Жомарт жүрек – 2023» және «Үздік ұжым», «Үздік жас спортшы», «Жыл жаңалығы», «Үздік жас СММ маман», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас балабақша тәрбиешісі», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас оқушы» аталымдары бойынша «Жыл үздігі – 2023» сыйлығының иегерлерін марапаттады.

IMG-20231227-WA0129

Сонымен қатар сахна төріне аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов шақырылып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, ауылшаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып, бүгінде қоғамнан қол үзбей жүрген бір топ еңбек ардагерлеріне Жаңақала ауданының “Құрметті азаматы” атағы берілді. Тілсіз жаумен айқасып, тынымсыз күресте еңбектері ерлікпен пара пар аудандық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар алғыс хат табыстап, кеуделеріне арнайы төсбелгі тақты.​

IMG-20231227-WA0132

Алғыс хат – бір парақ қағаз емес, ол - еңбектің еленгені, өмірі өзгеге өнеге боларлықтай жанды ынталандыру, марқайту. Бүгінгі құрмет иелерін марапатты емес, парасатты ойлайтындар деп сенеміз.​

IMG-20231227-WA0136

Айзада Ақбасова, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале