15.05.2024, 23:45
Оқылды: 19

Жаңақалалық ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев ардагер ұстаз, біраз жыл қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан Маржан Әбуқызы Ермекованы қабылдады.

image-15-05-24-08-13-4

Кездесу барысында аудан әкімі ардагер ұстаз Маржан Әбуқызын мерейлі 75 жасымен құттықтап, алғыс хат табыс етіп, сый-сияпатын ұсынды. Сонымен қатар БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның алғысхатын, ардагер ұстаз Рая Қайратқызы табыстады.

image-15-05-24-08-13-2

Әрі қарай аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен рухани орталық ғимаратында концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеште ардақты ана Маржан Әбуқызының өмір жолдарымен танысып, еркін түрде сұрақ-жауап айдары болып, ән айтылып, би билеп, әріптестері, шәкірттері келіп ақажарма тілектерін арнаған әсерлі кештің куәсі болдық.  Маржан Әбуқызы барша ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, батасын берді.

Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды,

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале