16.08.2021, 10:17
Оқылды: 102

Жаңақалалық белсенді жастар марапатталды

Жаңақала аудандық кітапханасында белсенді жастармен кездесу кеші өтті.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір жастардың қолында. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгіленген.

ж3

Жастарды аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы құтықтап сөз сөйледі.

Шарада Айымгүл Жасұланқызы, Болатбек Қуанышалиев, Ербол Серікбай, Ақмарал Ихсанова, Мейрамгүл Рахымова, Жалғас Жеңісұлы сынды «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» кеңесші бір топ мамандары алғыс хатқа ие болды. Әртүрлі сала мамандарының ішінен Нұржан Бекқалиев, Райымбек Жолдығалиев, Алтын Салықова, Саясат Жарасов, Әсем Бақтығалиқызы, Сағындық Маратұлы, Азамат Маратұлы, Бауыржан Ғалиханұлы есімді жастар марапатталды.

ж2

Салтанатты шара барысында жастардың тарапынан айтылатын ұсыныс, пікір, тілектерін тыңдау үшін ашық микрафон ұсынылды.

Жаңақала жастарының атынан сөз алған Жанайдар Болатбекұлы барша марапат иелерін құттықтап, өзінің базынасын да білдірді.

ж1

- Қоғамның қозғаушы күші жастар екені даусыз. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Лайықты марапаттар. Аудан көлемінде үндемей жүріп үлкен шаруа тындырып үлгерген жастар бар. Сондай жалынды, Мағжан сенген көзінде оты бар жастарды да осындай кештерден көргім келеді. Бәріңізге сәттілік тілеймін, - деді Ж.Жұмағұлов.

Жарас Садық,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале