23.04.2021, 11:20
Оқылды: 94

Жаңақалалық команда қола жүлдеге қол жеткізді

Таяуда Нұр-Сұлтан қаласында шағын футболдан республикалық мектеп лигасы өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 17 команда қатысты. Соның ішінде Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің спортшы өрендері де бақ сынаған еді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛИГАДАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ (2) (1)

Лига бойы өздерінің спорттық шеберліктерімен көзге түсіп, тартысты додада үздік нәтиже көрсеткен ауданның жас спортшылары жүлделі III орынға қол жеткізді. Бұдан бөлек топтан оза шыққан ойыншылар да жүлдеден құр қалмай, марапаттарға ие болды.

«Үздік ойыншы» аталымына Амангелді Сағынғалиев лайықты деп танылса, Сағи Қайырғали «Үздік қорғаушы» бағамын жеңіп алды.

Айта кетейік, ойыншылардың алғашқы бапкері Бекболат Құспанов болса, ал жарысқа баптап баулыған бапкерлері - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Мерей Есімов пен жас маман Азамат Беғалиев.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале