1.06.2021, 17:52
Оқылды: 181

Жаңақалалық қожалық жетекшісі 50 отбасыны газетке тегін жаздырды

Жаңақала ауданының төл газетіне 2021 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны одан әрі жалғасуда. Көптеген азаматтар аудандық «Жаңарған өңір» газетінің таралымына қолдау білдіріп, өз үлестерін қосуда. Соның бір дәлелі, жақсылықтың жаршысы болып жүрген «Муса» шаруа қожалығының иесі Тілеген Мусин.

Тілеген Мусин

Жерлестерінің мақтанышына айналған Тілеген ағамыз ұлтжанды, руханиятқа жаны жақын жан. Аудандық газеттің тұрақты қолдаушысы. Міне, сол қолдауының жарқын көрінісі ретінде Тілеген Мусин өз қаражатына бірден 50 отбасыны «Жаңарған өңір» газетіне тегін жаздыртып берді. Енді Жаңақала ауылындағы 50 отбасы апта сайын аудан жаңалығының жаршысы, ел арасындағы мәселелерді бүкпесіз жариялайтын төл газетті алдағы жартыжылдықта үзбей алатын болады.

- Бүгінгі таңда аудандық «Жаңарған өңір» газетінің өз айтары мен берері мол, жұрт көңілінде елеулі орын алатын сүйікті басылым. Аудан көлемінде мәселелер көтеріп, халықтың мұң-мұқтажын жазып, ел ішіндегі жаңалықтарды жедел беріп отыратын газетімізге үлес қосуды азаматтық парызым деп білемін, -дейді Тілеген ағамыз.

Әрқашан ауылдастарына қамқорлық танытып жүретін мәрт азамат Тілеген Мусин ағамызға шығармашылық ұжым атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале