13.05.2020, 11:59
Оқылды: 424

Жаңақалалық Негаевтар отбасы облыстық ән байқауының жеңімпазы атанды

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан «Отаным - алтын бесігім» облыстық отбасылық караоке байқауы өткен болатын. Байқауға ауданымыздың атынан мұқырлық Негаевтар жанұясы қатысып, өз өнерлерін паш еткен еді.

B10A4CB9-314D-4CDF-B642-77C7BDF0FDEC

15 отбасы бақ сынаған, 6 күнге созылған ән додасында Негаевтар жанұясы желі тыңдармандарын әуезді ән, әсем дауыстарымен баурай біліп, аудан намысын көкке көтеріп, бас жүлдеге ие болды.

Осы орайда өнерлі, береке мен бірлікті насихаттап жүретін Негаевтар жанұясына қолдау көрсеткен барша ағайынға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале