27.08.2020, 17:46
Оқылды: 168

Жаңақалалық оқушы «Абай оқулары» байқауында бас жүлдеге ие болды

Жақында облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 22 шілдедегі №369 бұйрығына сай, 27 шілде мен 7 тамыз аралық күндері «Дарын» қосымша білім орталығында облыстық «Абай оқулары» байқауы қашықтан өткізілді.

Bas julde (1)

Байқаудың мақсаты – Абай мұрасын ұрпаққа насихаттау. Байқауға облыс бойынша 49 оқушы қатысып, бақ сынаған. Қатысушылар 6 бөлім бойынша өнерін көрсетті. Атап айтсақ, Абай өлеңдерін жатқа оқу, ұлттық аспапта әндерін айту, қара сөздерін оқу, эссе жазу, өлең шығару, ақын шәкірттерінің шығармаларын айту.

Байқау нәтижесінде Айдархан ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Дильназ Дидарқызы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді. «Абай оқулары» елдегі карантиндік жағдайға байланысты онлайн түрде оздырылған еді. Жеңімпаздардың дипломдары электронды түрде жіберілетін болады.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале