17.06.2021, 9:15
Оқылды: 120

Жаңақалалық өрендер облыстық байқауда топ жарды

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында балалардың техникалық шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Тәуелсіздік белесі» атты онлайн сурет байқауы өтті.

Облыстық байқауда топ жарды1

Байқауда 12 аудан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектептің, облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының өрендері бақ сынады. Жалпы, байқауға 45 жұмыс қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 14-17 жас  аралығында Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Райымхан Нұрланұлының «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы гуащпен салған жұмысы (жетекшісі Ж.Төлегенов) І орынға ие болып, облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды.

Облыстық байқауда топ жарды2

Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Тәуелсіздік – тірегім» атты балалар бейнероликтері байқауы оздырылды.

Бұл байқаудың мақсаты – оқушылардың журналистика саласына қызығушылығын арттыру, балалар мен жасөспірімдерді өз аймағының  тарихын, географиясын, мәдениетін  оқуға ынталандыруға бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру.

Байқау барысында барлығы 10 ауданнан түскен 23 жұмыс сараланды. Қорытындысында 8-12 жас ерекшеліктері бойынша Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Ақбаян Ғилымхан «Тәуелсіздік саябағы» атты бейнеролигімен (жетекшісі С.Қарекенова) І орынды жеңіп алды.

 

Гүлбаршын Сапарқызы,

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы

әдістеме бөлімінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале