25.06.2021, 9:36
Оқылды: 198

Жаңақалалық өрендер Түркістаннан олжалы оралды

11-12 маусым күндері Түркістан қаласында «Алтын ғасыр» өнер орталығының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында "Түрленген Түркістан" атты байқау өтті.

Түркістаннан 4 бас жүлде

Байқауда Жаңақала ауданындағы Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқушылары бақтарын сынап, төрт бірдей бас жүлдені жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, Дінмұхамед Сиықов, Томирис Нағым, Айымгүл Мергенғалиева, Гүлсая Өмірзақова сынды домбырашылар тағы бір мәрте күйдің елінен шыққан өнерпаздар екенін халыққа паш етті. Жетекшісі Ханзада Бисенғалиева шәкірттерін мақтан тұтады.

 

Ақсәуле Әлжан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале