12.05.2025, 14:30
Оқылды: 297

Жаңақалалық тоғызқұмалақшылар Қостанайға жолдама алды

Шыңғырлау ауданында тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында БҚО жекелей чемпионаты өткізілді. Аталмыш жарысқа Орал қаласы, Бәйтерек, Бөрлі, Бөкей орда, Тасқала, Сырым, Қаратөбе, Шыңғылау және Жаңақала аудандарынан 170 спортшы қатынасты.

PHOTO-2025-05-11-20-14-58 (1)

Сайыс қорытындысы бойынша 9 жас қыздар арасынан рапид түрінен Еркежан Жасұланқызы мен 11 жас ұлдар арасынан Ақниет Жанболат ІІІ орынға табан тіреді. Ал блиц (шапшаң ойын) түрінен 9 жас қыздар арасынан Еркежан Жасұланқызы ІІ орынға, 9 жас ұлдар арасынан Рауан Ниетқали, жас қыздар Алуа Қанатқали, 11 жас ұлдар арасынан Ақниет Жанболат ІІІ орынға лайық деп танылды. Саламат Сертеков,  Дәурен Көкенов, Ерлан Қажиев сынды ауданымыздың спорт жанашырларының қолдауымен облыстық  жарыста бақ сынаған тоғызқұмалақшыларымыз алдағы уақытта Қостанай қаласында өнерлерін көрсететін болады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале