16.10.2021, 17:07
Оқылды: 261

Жаңақалалық ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

Қазақ даласында ағарту жұмыстарын жүргізіп, елді оқу-білімге үндеген ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісіне Жаңақала колледжінің жоғарғы санатты дене тәрбиесі пәні оқытушысы Марат Есмағұлов ие болды.

3700CDDC-8E8A-4734-BCF0-8DA885E4CDE8

Еліне еңбегі елеулі Марат Паритұлын Жаңақала колледжінің директоры Серік Жәрдемалиев қуана құттықтап, мерейлі марапатты табыс етті.

Сонымен қатар шәкірт тәрбиелеп, бүгінгі күнде еңбегі еленіп, зор қуанышқа кенелген ұстазға шығармашылық табыс, зор жетістіктер тіледі.

1A48928D-E794-4C16-B864-65706875E716

Айта кетсек, Марат Паритұлы 30 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз һәм ел-жұртының құрмет-ілтипатына бөленген білекті бапкер. Бүгінде Марат ағамыздың шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етуде.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале