12.05.2024, 9:00
Оқылды: 65

Жаңақалалық жас өрен Талдықорғанға жолдама алды

3-8 мамыр күндері Бәйтерек ауданы, Перемётное ауылында тоғызқұмалақтан балалар мен кіші жасөспірімдер арасындағы БҚО жекелей чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Қайрат Шәутенов жетекшілік ететін Жаңақала ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысты.

InShot_20240511_021337973

130-дан астам спортшы бақ сынап, үш күнге созылған ақыл-ой додасында

9 жас ұлдар арасынан Нұрлан Айназар мен осы жастағы қыздар арасынан Айназым Махмет, 11 жас қыздар арасынан Фатима Маратова қола жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Нарбек Қадырғали, Рауан Ниетқали, Санжар Асқар, Алуа Қанатқали, Әмина Маратова, Мансур Яхин, Айлан Әсемхан, Аяла Қуанышқали сынды жас ойыншылар да жоғары ойын деңгейлерін көрсетті.

Жүлделі орынды қанжығасына байлаған Фатима Маратова 20-30 маусым күндері Талдықорған қаласында өткізілетін ел біріншілігіне жолдама алды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале