29.09.2020, 10:18
Оқылды: 443

Жаңақалалық жас тілші республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Таяуда Орал қаласында облыстық Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Түркі тілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар – елдің болашағы» тақырыбында республикалық «Жас журналистер байқауы» шығармашылық сайысының марапаттау рәсімі өтті.

Dilnaz (2)

Байқаудың «Үздік мақала» аталымына Жаңақала ауданынан Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің штаттан тыс жас тілшісі Дилназ Дидарқызы қатысып, жүлделі I орынға ие болды.

Салтанатты шарада «Түркі тілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы болашағынан үлкен үміт күттірген жас қаламгер Д.Дидарқызын марапаттап, «Ойы ұшқыр, тілі жүйрік, қаламы қарымды журналист болуыңа тілектеспін!» деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале