26.05.2021, 12:54
Оқылды: 425

Жаңақалалық жиырма жылдық түлектер «Білім аллеясын» сыйлады

Жыл сайын Жаңақала ауданында түлектердің туған ауылына, алтын ұя мектебіне өзара бірлесіп, демеушілікпен өнегелі іс тындыруы жалғасып келеді. Кеше Жаңақала жалпы білім беретін мектебінің 2001 жылғы түлектері 20 жылдан кейін өздерінің білім ордаларында бас қосты. 2001 жылғы түлектер мектепке құр қол келмеді. Олардың үлгілі ісі көңіл қуантты. Дәлірек айтсақ, мектеп ауласына «Білім аллеясын» салып берді.

B91EAC16-8F25-4114-97DC-C3341235EFB1

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұл білім ордасының ұжымы үшін үлкен сый болды. «Білім аллеясының» ашылу салтанатына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық білім бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев және бір топ ұстаздар қатысты. Одан әрі аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы мен 2001 жылғы мектеп түлегі Амир Қожантайұлы аллеяның лента қию рәсімін жасады. Іс-шарада Жаңақала жалпы орта мектебінің оқушылары тамылжыта ән айтып, мың бұрала би билеп, өнерлерін паш етті. Аталмыш шарада білім нәрімен сусындатқан ұстаздары сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.

Түлектердің тартуы мұнымен шектелмей, олар ардагерлер саябағына терек егіп, ағаш отырғызылған аумаққа ескерткіш орнатқан еді.

8FFFB079-163C-42BD-8E6C-A89387C03019

Жиын барысында сөз алған аудан әкімі Н.Қадырбайұлы сан түлекті самғатқан алтын ұяның да, осындай перзенттері бар Жаңақала халқының да мәртебесі биік екенін атап өтті және туған жердің дамуына үлес қосқандары үшін 20 жылдық түлектерге алғыс білдірді.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале