20.09.2021, 19:16
Оқылды: 110

Жаңақалалықтар Жолдауды талқылады

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мақсатында актив жиыны өтті.

2

Аудан басшысы Н.Қадырбайұлы Жолдауда көрсетілген нақты міндеттерді атап айтып, ондағы негізгі мәселелерге және айқындалған бес бастамаға да қысқаша шолу жасады.

Жиында аудандық мәслихат депутаты Оразгүл Көбесова, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азамат Бақиев, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Салтанат Серікова Жолдаудан туындайтын міндеттерге тоқталып, оның ел дамуына оң ықпал ететінін тілге тиек етті.

Одан әрі баяндамадан соң еркін пікір айтуға кезек берілді.

3

- Жолдауда қойылып отырған мәселелерден көп үміт күтеміз. Атқарылып жатқан істер бар. Оны өз аймағымыздан да көруге болады. Аудан басшысының баяндамасынан біраз мәселелердің атқарылғанын, біраз мәселелердің қолға алынып жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе, қаншама қиын уақыттар болса да, ауданымызда 5 мектеп, емхана, сауықтыру орталығы салынып, соңғы жылдары инфрақұрылымға көп мән берілді. Ауылда жер телімдеріне су, электр қуатын жүргізу, байланыс жүйесін орнату, сондай-ақ ішкі жолдарды салу секілді бірнеше жұмыстар атқарылды, - деп Закария Сисенғали Ел Президентінің Жолдауына қатысты өзінің ой-пікірін ашық білдірді.

Содан соң аудан активі жиналысының қарар мәтінін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов оқыды.

Жиын соңында қарардың жобасы толығымен қабылданды.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале