2.11.2022, 15:45
Оқылды: 36

Жаңақалалықтарға құқықтық кеңестер берілді

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі аппараты мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң керуені» акциясы өтті. Аталған акцияға Батыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов, аудан әкімі Дархан Закарин, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов қатысып, тұрғындарға «Заң керуені» акциясының мақсат-міндеттері туралы түсінік беріп өтті.

IMG_3000

Акцияның негізгі мақсаты – халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, заңдарды кеңінен түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті толық нығайту әрі қалыптастыру болып табылады. Аудан әкімі Д.Әмірханұлы сөз кезегінде:

- Акцияның аудан тұрғындары үшін көмегі зор болатыны сөзсіз. Себебі барлық мемлекеттік органдар бір жерге топтасып, тұрғындардың мәселелерін шешу жолдары қарастыратын болады,- деп атап өтті.

IMG_3032

Содан соң мәдениет үйінің фойесінде «Заң керуені» акциясы бойынша Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасынан, полиция департаментінен, жер ресурстарын басқару департаментінен, денсаулық сақтау басқармасынан, еңбек инспекция басқармасынан, ауыл шаруашылығы басқармасынан, кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасынан, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті мен кірістер департаментінен келген жұмыс тобының өкілдері тұрғындарды қабылдады. Барлығы 10 адам облыстан келген жұмыс тобының өкілдеріне жазылып, мәселесімен бөлісті.

IMG_3056

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале