11.05.2024, 11:30
Оқылды: 14

Жаңақалалықтарға жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді

Бүгін  Жаңақалалықтар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Былтырғы жылы ауылымызда алғаш рет «Үздік аула – 2023» және «Үздік көше – 2023» байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша додаға түскен 6 көше тұрғындары арасынан үздік деп танылған АТП көшесі жүлдегер атанып, 5 000 000 теңге ұтып алған болатын.

image-10-05-24-07-23-4

Уәде етілгендей 2024 жылғы күн тәртібіндегі алғашқы жұмыстардың бірі болып, аталмыш көше тұрғындарының өтініші бойынша «балалар ойын алаңы» өз міндетін бастағалы тұр.

Мердігер ИП «ПЛАСТ-КОМ» 1 аптаның ішінде өз жұмысын тиянақты аяқтаған болатын. Ашылу салтанаты барысында Рая Қайратқызы мен Қайырғали Үмбетқалиұлы балалар ойын алаңының лентасын қиып, ауыл әкімі Ақан Болатұлы сөз сөйлеп, барша көше тұрғындарын құттықтады. Әрі қарай, АТП тұрғындарының көше тойын өткізуге ат салысқан Рая Қайратқызы мен Қайырғали Жайымов сөз алып, балалар қуанышы ұзағынан болғай деген жылы лебіздерін жеткізді. Аталмыш көшенің үлкенді-кішілі тұрғындары жиналған меймандарға дастархан жайып, ақтан ауыз тигізіп, алғыстарын жаудырды. Биылғы жылы да «Үздік көше - 2024» байқауы өз жалғасын табатын болады.

image-10-05-24-07-23-2

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале