БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

14.03.2023, 17:50
Оқылды: 29
«Жаңарған күннің дидары»

14 наурыз Көрісу айт мерекесіне орай Теректі аудандық Достық үйінде «Жаңарған күннің дидары» атты мерекелік шара өтті. Ерекше безендірілген ғимаратқа үлкен-кіші түгел жиналды. Аудан әкімі Тілек Габдушев, орынбасары Дамир Ғұмаров, ауданның құрметті азаматтары, ақ жаулықты әжелер мен мектеп оқушылары қатысты.

IMG-20230314-WA0134

Қыстан аман шыққанымыз бен ел-жердің тыныштығы үшін Әлібек ақсақал Құран бағыштады. Аудан басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— Баршаңызды 14 наурыз – Көрісу айт (Амал) мерекесімен құттықтаймын. Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Кішісі үлкенге амандасып, үлкені бата беретін бұл ізгі мереке үзілмейді.

Тек батыс өлкесінде тойланатын осы бір мереке жалғаса берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жастан жасқа аман жетейік, — деді өз сөзінде.

IMG-20230314-WA0146

Облыстан арнайы келген мейман,  «Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының мүшесі, көпбалалы ана Құрманай Салимова табақ тарту үлгісін, еттерді жіліктеп бөлу әдебін көрсетіп, түсіндірді.

IMG-20230314-WA0141

Мәдениет үйі өнерпаздары  әннен шашу шашып, балалар арқан тартысып, салт-дәстүр жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәттілер алды.

IMG-20230314-WA0153

Мерекелік басқосудан соң аудан әкімі Тілек Александрұлы ардагер ақсақалдардың үйіне барды. Атап айтсақ, Михаил Костиков пен жұбайы Валентина Костикова, Сағидолла Бисенғалиұлына барып, көрісіп, қал-жағдайларын сұрап қайтты.

IMG-20230314-WA0138

 Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале