21.10.2022, 21:30
Оқылды: 28

Жаңажол ауылында 4G іске қосылды

Қазіргі таңда қоғам үшін байланыстың маңызы зор. Заманға сай технология да дамып, сапалы байланыс пен интернетке қолжетімділік артып келеді. Халықтың сұранысы қанағаттандырылып, Казталов ауданының бірқатар ауылы мен елді мекенінде Beeline, Tele 2, Altel, Activ байланыс желілерінің мұнаралары орнатылды.

IMG-20221021-WA0274

Бүгін Республика күні қарсаңында Жаңажол ауылдық округінде Beeline байланыс операторының 4G мобильдік интернет желісі қосылған мұнарасы орнатылып, салтанатты түрде ашылды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова қатысып, халықты көптен күткен қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

IMG-20221021-WA0277

- Республика күні қарсаңында Жаңажол ауылында Beeline байланыс операторының іске қосылғанына куә болып отырмыз. Бұл халықтың қуанышы. «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасының көрінісі. Қазіргі таңда сымсыз мобильдік интернет желісімен 43 ауыл қамтылды. Оның ішінде 16 ауыл 2G, 13 ауыл 3G, 14 ауылда 4G іске қосылған. Биыл байланыс операторлары 16 елді мекенде мобильді интернеттің сапасын жақсарту жұмысын жоспарлап, 11 елді мекенде интернет сапасы көтерілді. Алдағы уақытта тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бағытында міндеттер тұр, - деді Зәйлім Исатайқызы.
Жаңажолдық ағайын байланыс сапасының нашарлығын жиындарда бірнеше мәрте көтерген болатын. Жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті жұмыс атқарылып, «Мұрат-Арал құрылыс» ЖШС биіктігі 23 метрлік СК-26 метр байланыс мұнарасын орнатып, пайдалануға берді. Халық та мәселенің оң шешімін тапқандығына ризашылықтарын білдірді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале