12.11.2024, 14:42
Оқылды: 92

Есептік кездесу

Халық алдындағы есептік кездесу Тау ауылдық округі мен Жұмаев елді мекенінде өтті. Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов ауылдың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, атқарылған және атқарылатын жұмыстарды баяндады. Аудан басшысының орынбасары Жақсылық Абдолов  аудан көлеміндегі істер мен жобаларға тоқталды. 

аким

- Мал азығы үшін  бүгінгі күнге 645 мың гектар жер шабылып, орташа шығымдылығы 1,7 центнерді құрады. Қазіргі уақытта 114 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 74 пайызға орындалды.  Мал шығынын  болдырмау және алдын алу мақсатында облыстық шұғыл шығындарға арналған бюджет резервінен ауданымызға 1 млрд 256 млн теңге бөлінді. Күні бүгінге төтенше жағдай режимі бойынша 9 ауылдық округке барлығы 78 техника жұмылдырылып, 21290 орамашөп тасымалданды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады. Шөппен бірге жем де тасымалданып жатыр. Халықтың осал топтарына жататын ауыл тұрғындарына жалпы көлемі 200 тонна жем азығы берілетін болады, - деді Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов.
Баяндамадан кейін кездесу сұрақ-жауаппен жалғасты. Ауыл тұрғындары түрлі бағытта сұрақтар қойды.
Бану Самат
Жәнібек
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале