2.03.2022, 16:50
Оқылды: 43

«Жанға жылу»

Осындай атаумен Ақжайық ауданының еріктілері игі бастаманы қолға алды. Чапаевта аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Бөбек» балабақшасының жанынан құрылған «Балдырған» еріктілер тобы ауыл көшелерін тазалап, көркін келтіретін қоғамдық жұмыстағы қызметкерлерге ыстық шай мен тәттілер таратты. 

IMG-20220302-WA0005

Күннің ыстығы мен суығына қарамай, ауылдың көркіне үлес қосып жүрген жандардың еңбегін бағалап, ризашылығын білдірген жастардың бұл бастамасын өзге де ауылдық округтің еріктілері қолдап, айналасындағыларға қамқорлық көрсетуде. Ауданда 34 еріктілер ұйымы болса, оның 17-сі аудан орталығында құрылған. 329 қыз-жігітің басын қосқан бұл ұйымдар игі істердің әрдайым көш басында. Айталық, Ақжол және Тайпақ ауылдық округінің қыз-жігіттері жалғызбасты қариялар, мүгедектерге қол ұшын созып, аулаларын қардан тазалап берді. Ал жас оқырмандар кітапханалар қорындағы ескі кітаптарды желімдеп, қалпына келтірді. Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша шараларда да жастардың қатары қалың. Жуырда өткен сенбілікте олар көше арықтарын тазалап, еріген қар суы ағатын жолдарды тазартты.

«Бүгінгідей заманда адам бір-біріне мейірімді болуы керек. Біз жастарға үнемі осыны насихаттап келеміз.  Егер де шамаңыз келіп жатса, айналадағы адамдарға көмектесіп, қолдау көрсетіңіз және жылулық сыйлай біліңіз. Бұл сауапты ісіңіз өзіңізге ең кемінде алғыс түрінде оралады, – дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы Нұрхат Мағзомов.

Әсем Есбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале