19.10.2022, 14:30
Оқылды: 49

Жаңғыруға бастайтын құжат

Жыл сайынғы Президент Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың біріне айналып келеді.

IMG-20221004-WA0024

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Президент Жолдауын оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі - жақында аудандық орталық кітапханасының оқу залында өткен «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты ақпараттық сағат. Шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кітапхана қызметкерлері, Шыңғырлау аудандық төтенше жағдай және статистика бөлімінің мамандары қатысты.

Ақпараттық сағат сәтінде қатысушыларға 1 қыркүйекте жарияланған Жолдаудың ел көңілінде жүрген көптеген мәселелерге баса назар аударылғандығымен ерекшеленетіндігі айтыла отырып, еліміздегі түбегейлі саяси жаңғыртуды және әлеуметтік-экономикалық дамуды күшейту мақсатында нақты реформалардың 5 бағдары таныстырылды. Сонымен қатар шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген несиелердің арттырылуы, жалпы бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламаны жаңадан жасақтауды тапсырғандығы да талқыланды. Қатысушыларға «Жолдау - болашақтың бағдарламасы» тақырыбындағы кітап көрмесі мен Жолдау туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар таныстырылды.

Осы тақырыптағы шара Ақсуат ауылдық кітапханасында «Жолдау – Жолбасшымыз» тақырыбымен өтті. Оған ересек оқырмандар тобы қатысып, мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесе отырып, Жолдаудағы халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған, мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа міндеттер туралы ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар Қызылкөл ауылдық кітапханасында «Жолдаудың жарқын жолдары», Алмаз ауылдық кітапханасында  «Жаңа әділетті Қазақстан» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде кітапхананың тұрақты оқырмандары Жолдауда көтерілген бастамалар жөнінде пікірлерін айтып, өз қолдауларын білдірді.

Бұл Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық әлеуметтік дамуына жаңа серпін беретін тың бастамаларға толы болды. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің  басты назарында қала бермек. Жолдау халық көңілінен шықты, енді Жолдауда айтылған жәйттардың бәрі оң шешімін тапса дейміз. Жаңару, жаңғыру табалдырығында тұрған Қазақстанның гүлденуі – баршамыздың игілігіміз, бақуатты тірлігіміз. Ел игілігі үшін, жарқын болашақ үшін Жолдауға қолдау білдірейік.

Мөлдір Түймешова,

аудандық орталық кітапханасының

әдістемелік-библиографиялық бөлімінің редакторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале